• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қараша, 2024

Бектенов халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерін есепке алуды тапсырды

84 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олжас Бектенов профилактикалық іс-шараларды сапалы іске асыру және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігіне газ техникалық инспекцияның өкілеттігін күшейту жұмыстарын жүргізу, ал әкімдіктерге министрлікпен бірлесіп өрт қауіпсіздігі айлық шарасын ұйымдастыру тапсырылды. 

«Бірінші кезекте, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерін есепке алған жөн. Олар ерекше бақылау аймағында болуға тиіс. Осындай үйлердің барлығына газ датчиктерін тегін орнату қажет. Алайда Жетісу, Ақмола, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласы әкімдіктерінің бұл бағыттағы жұмыстары мардымсыз екенін атап өткім келеді. 2%-дан 14%-ға дейін ғана қамтылған. Аталған әкімдіктер датчиктер орнату бойынша жұмысты күшейтуі керек», деді Олжас Бектенов.