• RUB:
    5.05
  • USD:
    494.95
  • EUR:
    525.49
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:00

Алматыда жалған купюра сатумен айналысқандар ұсталды

30 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шетел валютасын өткізу фактілерінің жиілеп кеткені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Алматыда жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан тұлғалар тобы анықталған. Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында 149 дана (14 900 АҚШ доллары) жалған доллар табылған.Құқық бұзушылар ұсталып, сот оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында ҚМА полициямен бірлесіп жалған валютаны өткізу фактісін анықтады. Бір топ адам Орал қаласындағы лотерея клубтарының бірінде жалған 25 000 АҚШ доллары мен 10 000 евро өткізген деген күдікке ілінген. Анықталғандай, күдіктілер бәс тігу мақсатында бұл қаражатпен шоттарын толықтырған. Жалған ақшаны сатушыға қатысты соттың санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. 

«Жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 000 теңге сомасына 141 дана, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 000 еуроға 4 купюра, 1 000 юань сомасына 10 купюра бар. Алынған жалған банкноттардың жалпы сомасы 43 млн теңгеден асады», делінген хабарламада. Айта кетейік, биыл жалған купюраларды жасап, өткізгені үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған.