• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қараша, 2024

Алимент төлеуден жалтарып, бас бостандығынан айрылды

53 рет
көрсетілді

Ұлытау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-ның 139-бабымен айыпталған Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сәтбаев қалалық сотының 2013 жылғы 29 тамызындағы шешімімен Т.-дан Н.-ның пайдасына кәмелетке толмаған 2 баланы күтіп-бағуға алимент төлеу міндеттелген еді.  Бірақ азамат Т. сот шешімін орындаудан жалтарған. Сондықтан,  2017 жылдың 13 наурызындағы сот  үкімімен ҚК-ның 139-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Дегенмен, ол сонда да сот үкімін орындауға құлықтылық танытпады. Ақырында, оны бұрынғы әйелі қайтадан сотқа беріп, барынша қатаң жаза тағайындау талабын қойды. Жәбірленушінің мұндай талап қоюының себебі, Т.-ның құқыққа қайшы әрекеттерінің нәтижесінде 2024 жылдың 29 шілдесіне дейінгі алимент   берешегінің жалпы сомасы  4 412 029 теңгені құрайды екен.

Сотталушы  кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрағанымен,  жәбірленуші оның  сөзіне сенімсіздік білдіріп, талабын кері қайтарып алмайтынын мәлімдеді.

Мұндай жағдайда заң талабы не дейді? Қылмыс Кодексінің 139-бабында мұндай жағдайда сотталушы  алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатыны көрсетілген.