• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қараша, 2024

Психотроптық заттарды сақтаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды

142 рет
көрсетілді

ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан аса ірi мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын  заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Астанада 2022 жылдың желтоқсанында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында одан аса ірі көлемде, 17 қапшықша  меткатинон тәркілеген.Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған.

«Биылғы жылы қазанда күдікті Анталья қаласында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген хабарламада.

Айыпталушының  мүлкі тәркіленіп,  10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.