• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қаржы 14 Қараша, 2024

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

144 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 3 трлн 118,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 982,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 136 млрд теңге қарастырылды.

2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 421 мың адамды құрайды.

«2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жалпы зейнетақының орташа мөлшері 131 730 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 122 теңге, базалық зейнетақы – 42 608 теңге», делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазан айында жалпы зейнетақының орташа мөлшері 131 810 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 211 теңге, базалық зейнетақы – 42 599 теңге.