• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:33

Астанада LRT депосының құрылысы басталды

45 рет
көрсетілді

Елордада LRT жобасындағы негізгі инфрақұрылымдық нысан – депо құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нысан халықаралық әуежай маңайындағы 16,84 га аумақта орналасады. Депо LRT жүйесіне техникалық қызмет көрсету мен басқарудың маңызды орталығына айналады.

«Депо ғимараттарының жалпы ауданы шамамен 80 мың шаршы метрді құрайды. Онда жылжымалы құрамға толыққанды техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қажетті барлық нысан орналастырылады. Кешен вагондарды жуу ғимаратынан, қосалқы бөлшектер мен жабдықтар қоймаларынан, жолдарды жөндеуге арналған арнайы техника, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыруға арналған әкімшілік ғимараттардан тұрады», делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар депо аумағында пилотсыз пойыздарды басқару орталығы құрылады. Автоматтандырылған басқару жүйесі қауіпсіздік пен тиімділікті едәуір арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ іске қосу, тежеу және станцияларда тоқтау сияқты процестерді автоматтандырып, адами фактордың әсерін барынша азайтады.

«Құрылыс технологиясына сәйкес эстакададағы негізгі құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты қысқы кезеңде LRT жобасы бойынша жұмыстар депо құрылысына шоғырланатын болады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар