• RUB:
    4.94
  • USD:
    495.2
  • EUR:
    522.34
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қараша, 2024

Илон Маск АҚШ-та жаңа министрлікті басқарады

65 рет
көрсетілді

Дональд Трамп бизнесмен Илон Маскқа жаңадан құрылатын Үкіметте Тиімділік министрлігін басқаруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Миллиардер бұл қызметті бизнесмен Вивек Рамасвамимен бірлесе атқарады. Ол бұрын республикалық партия атынан президенттікке кандидат болған еді. Трамптың мәлімдеуінше, екеуі бірлесе үкіметтік бюрократияны жоюға, шектен тыс реттеуді азайтуға, ысырап шығындарды қысқартуға, федералдық агенттіктерді қайта құруға жол ашады. Жаңа министрлік кең ауқымды құрылымдық реформалар жүргізу үшін Ақ үймен және Бюджет басқармасымен бірге жұмыс істейді.

Сонымен бірге Трамп Пентагон басшысы қызметіне Fox News телеарнасының жүргізушісі Пит Хегсетті, ал Орталық барлау басқармасы жетекшілігіне Ұлттық барлаудың бұрынғы директоры Джон Рэтклиффті ұсынды. Сенатор Марко Рубиоға Мемлекеттік хатшы лауазымы бұйыруы мүмкін.