• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қараша, 2024

Көне Тараз – туристер көзайымы

37 рет
көрсетілді

Биыл Жамбыл облысының туризм саласында 15,9 млрд тең­гені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл 200 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қазір 3 жоба жүзеге асты. Атап айтқанда, «Koksai resort», «Ал­­малы» (Жамбыл ауданы) ту­рис­­тік аймақтары мен Та­раз қаласындағы «Зербұлақ» ак­вапаркі туристердің барлық сұраныстарына сай қызмет көрсетеді.

«Осы жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысында облысқа 95 644 турист саяхаттап келді. Оның ішінде 1 455 шетелдік, елі­міздің өзге өңірлерінен келген 94 209 турист бар. Өткен жылдың сәй­кес кезеңімен салыстырғанда турис­тер саны 40,1 пайызға өс­кен. Бүгінде облыс аумағында 225 туристерді орналастыру, 525 та­мақтану, 21 демалыс орны, 16 туристік ұйым, 9 балаларды са­уықтыру лагері, 7 шипажай жұмыс істейді. Туристерге 1,3 млрд теңгенің қызметі көр­се­тілді», деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Туристік инфрақұрылымды дамытуға қатысты жұмыстар да қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, Жамбыл ауданы «Ақыртас» археологиялық ке­шеніндегі ауызсу мәселесі жеке инвестордың қаражаты есебінен шешімін тапты. Т­араз қаласындағы «Таскөл» де­малыс орталығы электр желісімен қам­тамасыз етілді. Бұдан бө­лек, 4 туристік нысан­ның инфра­құрылымын дамытуға қа­тысты жобалық-сме­та­лық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

Туристерге толық ақпарат беретін, яғни анықтамалық қыз­меттің барлық ресурста­ры қам­тылған 4 туристік ақпа­раттық терминал халық көп шоғыр­ланатын орындарға қойылған.

Туризм саласын дамытудағы негізгі міндеттердің бірі – кәсіби мамандар даярлау. Өткен жылы гидтер мен экскурсоводтар курсы ұйымдастырылып, 30 маман халықаралық дәрежедегі сертификат алды. Биыл «Жанды сабақтар» жобасы, «Taraz City bus» экскурсиялық бағдарла­­масы, «Көктем көркі – қыз­ғал­­дақ» іс-шарасы жүзеге асырылды.

2024 жыл – Қытайдағы Қа­зақстан туризмі жылы болып жа­рияланды. Аталған бас­­тама аясында Жамбыл об­лы­сының туристік әлеуеті мен мүм­кін­діктері таныстырылды.

Айта кетелік, Тараз қаласы Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне 56-қала болып енгізіліп, еліміздің ал­ғашқы қолөнершілер қа­ласы мәртебесіне ие болды. Осы мәртебені әрі қарай бекі­ту мақ­сатында жыл сайын «Тараз – қолөнершілер қаласы» халық­аралық қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылып тұрады.