• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Өнертапқыш 15 Қараша, 2024

Ғарышқа энергия жеткізудің жаңа шешімі

58 рет
көрсетілді

9-сынып оқушысы Нұрали Амангелдиев ғарыш кеңістігінде лазерлік сәулелену арқылы энергия жеткізетін инно­вациялық құрылғы жасап шығарды.

Абай облысының Жезкент кентіндегі мектеп-лицейі оқушы­сы­ның жобасы ғарыштағы жерсеріктер мен ғарыш стансала­рын энер­гиямен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағыттал­ған. Нұралидің өнертабысы екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – лазер сәулесін бағыттайтын фокус жүйесі бар ғарыш кемесі, ал екінші бөлігі – лазер сәулесін электр энергиясына айналды­ратын фоторезистор орнатылған құрылғы. Лазер сәулесі фото­резисторға түсіп, оны түрлендіргіш арқылы электр энергия­сы­на айналдырады. Бұл энергия шамын жағуға немесе ұялы телефонды қуаттауға жетеді.

Жас өнертапқыш құрылғыны 10 метр қашықтықта сынап, оны жаңбыр, қар, тұман сияқты түрлі ауа райы жағдайында сынақтан өткізген. Сынақ нәтижелері өнертабыстың тұрақты әрі сенімді екенін көрсетті. «Ғарышта энергия тапшылығы мәселесі бар. Жерсеріктер мен ғарыш кемелері энергияның аздығынан істен шығуы мүмкін. Мен ғарышкерлерге көмек ретінде осы құрылғыны жасадым. Жобаны жасауға екі жылдан аса уақыт жұмсадым, қолжетімді материалдарды пайдаланып, ғарышта энергия жеткізу мүмкіндігін және ғарышта лазермен энергия жеткізу әлдеқайда тиімді болатынын дәлелдедім», дейді жас өнертапқыш.

2019 жылы Нұрали жобасын Мәскеу физика-техникалық институтының байқауында таныстырып, жоғары бағаға ие болған. Кейіннен құрылғыға қуаты мықты лазер орнатып, бағдарламалық кодын жетілдіре түскен. Жас өнертапқыш жобасын одан әрі дамытып, Байқоңырда өтетін халықаралық байқауға қатысуды жоспарлап отыр. Болашақта құрылғыға күн батарея­ларын қосып, оны тұрмыстық қажеттіліктерге, оның ішінде лазерлік зарядтау құрылғылары арқылы ұялы телефондарды қуаттауға қолданып көрмек.