• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қараша, 2024

Астанада 380 адамға салық төлемдері заңсыз есептелген

124 рет
көрсетілді

Елорда прокуратурасы тұрақты негізде ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тексеріс нәтижесінде 380 адамға 10 млн теңгеге жуық салық төлемдерін заңсыз есептеу анықталған.

Сонымен қатар «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталын мониторингілеумен 1683 әлеуметтік нысанның 800-і ғана қолжетімділікпен қамтамасыз етілгені анықталған.

«Қадағалау актісі бойынша 6 объектіде мүмкіндігі шектеулі 11 531 адамға қолжетімділік қамтамасыз етілді. Азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасып жатыр», делінген хабарламада.