• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қараша, 2024

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Жетісу облысы Көксу ауданына қарасты Жарлыөзек ауылында жантүршігерлік жол апаты болып, полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, МТЗ-80 тракторы Volkswagen Passat жеңіл көлігімен соқтығысқан.

- Инерция салдарынан артынша үшінші көлік келіп соқтығысқан. Жол апатының салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы алты адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлайды полиция.

        View this post on Instagram

A post shared by Жетісу Облысының Полиция Департаменті (@zhetysu.police)

Соңғы жаңалықтар