• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Қараша, 2024

Норвегия - Қазақстан ойынын қайдан көруге болады

147 рет
көрсетілді

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Норвегиямен ойнайды. Ұлттар лигасының соңғы турындағы бұл ойын Ослода өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ойын Қазақстандағы уақытпен сағат 22:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетілім таратады.

Норвегия ойындағы айқын фаворит саналып отыр. Қыркүйек айында Алматыда өткен ойында екі құрама 0:0 есебімен тең тарқасқан еді.

Ұлттар лигасының В дивизионындағы 3-топта Қазақстан 5 ойыннан 1 ұпай ғана жинады. Ал 10 ұпай жинаған Норвегия мен Аустрия құрамалары бірінші орынға таласып тұр. Словенияда 7 ұпай бар.

Станислав Черчесов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында әлі бірде-бір гол соққан жоқ.