Астанада екі ауданның, соның ішінде жуырда ғана құрылған Сарайшық ауданына әкім тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорданың жаңа Сарайшық ауданына Мақсат Саматұлы әкім болды. Оның кандидатурасын Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттары мақұлдады. Ол осы уақытқа дейін Алматы ауданын 2022 жылдан бері басқарған.
Мақсат Саматұлы еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының маманы болып бастады.
2012 жылдан 2019 жылдың мамыр айына дейін Алматы облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарды атқарған.
2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың тамызына дейін Алматы ауданы әкімінің орынбасары және Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Мақсат Саматұлының орнына Алматы облысының әкімі болып 39 жастағы Рүстем Тәуекелов тағайындалды. Тағайындалғанға дейін, 2022 жылдың қазан айынан бастап «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы болған.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде бастаған. Осы жылдар ішінде «Балқантау KZ» ЖШС басқарды, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС директорының орынбасары, «Қалалық көлік жүйелері» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары болған.