• RUB:
    5.17
  • USD:
    529.7
  • EUR:
    545.96
Басты сайтқа өту
Жұмыс 18 Қараша, 2024

ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы ТМД Экономикалық Соты пленумының жұмысына қатысты

63 рет
көрсетілді

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев БКБ арқылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Соты (ТМД ЭС) пленумының жұмысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасынан ТМД ЭС судьялары Асқар Смайылов пен Нұрлан Сұлтанов қатысты.

Қатысушылар инвестициялық даулар бойынша Экономикалық Соттың құзыретін кеңейту мәселесін талқылады.

ТМД Экономикалық Сотының төрағасы Андрей Плотников  Асқар Смайыловтың  соттың қызметіне белсенді және жемісті қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталғанын хабарлады.   

Сондай-ақ ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов Құрмет грамотасымен, ал Эвелина Нагорная «ТМД Экономикалық Сотының Құрметті қызметкері» атағымен марапатталды.