• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Саясат 19 Қараша, 2024

Банк әлеуметтік бастамаларды қолдайды

66 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Азия даму банкінің атқарушы директоры Шарлотта Жюстин Диокно-Сикатпен кездесті.

Биыл халықаралық қаржы институтымен ынтымақтастық­тың 30 жыл­дығы аталып өтілуде. Вице-пре­мьер осы кезеңде әр­түр­­лі сала­лардағы жобаларды қар­­­жы­­лық, техникалық және кон­суль­та­­циялық қолдау бойынша жұ­мыс­тар жүргізілгеніне назар аударды.

Қазір банк Қарағандыда көпса­лалы университеттік ауру­хана­ны салу және пайдалану бо­йы­нша консультациялық қызмет­тер көрсетеді. Сондай-ақ МЖӘ қағи­даларының жобасын жетіл­діру бойынша техникалық көмек көрсетіледі. Қанатқақты жоба ретінде Алматыда Қ.Сәтбаев атын­дағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті үшін 5 студенттік жатақхана салу көзделген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде білім беру сапасын арттыру бойынша кешенді шаралар іске асырылып жатыр. Онда инфрақұрылымды, оқу бағдарламаларын жетіл­діру, педагогтердің біліктілігін арттыру көзделген. Президент қойған міндеттердің бірі – 1 300 мектепті күрделі жөндеуден өт­кізу. Ғимараттарды жөндеуден басқа, оларды заманауи оқу каби­неттерімен жарақтандыру көз­де­леді. Т.Дүйсенова Азия даму банкінің өкілдерін осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Кездесу барысында қаржы инс­титутының қатысуы мүмкіндігі бойынша пікір алмасылды.

Азия даму банкінің өкіл­дері әлеуметтік саладағы ынтымақ­тастықты кеңейтуге дайын екендік­терін білдірді. Тараптар ұсыныл­ған жобаларды тиісті салалық министрліктермен тығыз қарым-қатынаста қарастыруға уағдаласты.