Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен әскерилердің жағдайы туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Солтүстік әскери округі Әскери институты авиациялық эскадрилья командирі майор Бибарыс Ибраев пен Солтүстік әскери округі Әскери институты авиациялық оқу орталығының аға нұсқаушысы, аға лейтенант Рүстем Нығметов одан әрі амбулаторлық бақылау үшін үйлеріне жіберілген», делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырап, салдарынан бір адам қаза тапты. Екі адам ауруханаға жеткізілген. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.