Алматы қаласының Жетісу ауданындағы базарлардың бірінде екі деңгейлі төрт пластиктен жасалған бутиктер отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өрт орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті сөндіруге бес оқпан берді. Автоцистерналарды жақын орналасқан өрт гидранттарына орнатып, судың үзіліссіз берілуін ұйымдастырды.
«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт шақырту түскен сәттен бастап 34 минутта 150 шаршы метр алаңда сөндірілді», делінген ТЖМ хабарламасында.