• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Қараша, 2024

Қыздар университетінде жаңа оқу ғимараты мен зертханалар ашылды

103 рет
көрсетілді

Қыздар университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында жаңа оқу ғимараты пайдалануға беріліп, пәнаралық ғылыми зертханалардың ашылу рәсімі өтті. Сонымен қатар шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды.

Салтанатты іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, университет түлегі Орынша Қарабалина, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және университеттің Директорлар кеңесінің көрағасы Омархан Өксікбаев, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхамедқали Матаев қатысты.

«Университет жас мамандарды тәрбиелеп қана қоймай, ғылым саласын дамытуға да ден қойып отыр. Үлкен ғылыми ордаға айналуына көңіл бөліп, зертханалар ашып жатырмыз. Республикада жоқ құрылғылар алдынды. Зертханадағы оқудың 30 пайызы оқу-әдістемелік болса, 70 пайызы ғылыми тәжірибе жинақтауға бағытталған. Ғалымдардың осы зертханалардағы тәжірибесінің арқасында елімізде ғылыми жаңалықтар болады сенімдемін. Сондықтан бұл университет тек мұғалім даярлауға ғана емес, ғылымды дамытуға да үлес қосады», деді Омархан Өксікбаев.

«Химия-биология-физика» бағытындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге лайықталып жасалған зертхана орталығы  болашақта өзге де бағыттарда дамитын болады.

Орталықта спектрлік талдау, рентгендік фазалық талдау зертханасы, жаңа материалдарды синтездеу, кванттық магнитометриялық зерттеулер, электрондық құрылымдық зерттеулер, табиғи қосылыстар химиясы, креативті идеялар және ынтымақтастық зертханасы, биомедициналық зерттеулермен айналысатын биомедициналық зерттеулер және жаңа биологиялық өнімдер мен технологияларды жасау үшін биотехнология, гендік инженерия бойынша зерттеулер жүргізілетін биотехнологиялық зерттеулер жасайтын әртүрлі бағыттағы зертханалар бар.

Мерейтойлық іс-шара аясында жаңадан ашылған жаңа ғимаратта QyzPU Michigan State University, Sussex University арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар QyzPU, Education University of Hong Kong және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасында ұстаздар біліктілігін арттыру академиясын құру туралы шартқа қол қойды. Еліміздің білім саласы үшін маңызды тағы бір жаңалық – білім беру мен ғылыми зерттеулерді жаңа деңгейге көтеруге жол ашатын Education University of Hong Kong пен Қазақстанның жоғары оқу орындарының ректорлары арасында Альянс құру туралы кеісімге келуі.

Michigan State University Білім колледжінің халықаралық зерттеулер жөніндегі вице-деканы, профессор Амита Чудгар келісімнің маңыздылығын атап өтіп, екі тараптың өзара ынтымақтастығы білім беру жүйесін жетілдіріп, ғылыми ізденістер мен инновациялық шешімдерді жүзеге асыруға зор үлес қосатынын білдірді. Sussex University Білім және әлеуметтік ғылымдар мектебінің жетекшісі, Вице-Президенті профессор Саймон Томпсон QyzPU-мен екі жылдан бері серіктестік орнатып келе жатқанын, осы уақытқа дейін оқытушылардың ғылыми зерттеу потенциалын көтеру бойынша бірлескен жұмыстар атқарғанын айтты. Профессор бұл келісімнің негізгі мақсаты мұғалім даярлауды ғана емес, білім берудегі зерттеулерді дамыту бойынша да бірлескен жобаларды жүзеге асыру екенін атап өтті. Гонконг білім беру университеті Вице-президенті профессор Ло Синг Кай университетпен бірлесе мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған кәсіби оқыту бағдарламаларын әзірлеуге дайын екенін жеткізді.

Мерейтой аясында өткен маңызды шаралардың бірі – университетте «Mazmundama» баспасымен бірлесе жаңа идеялар мен креативті бастамаларға арналған «QyzPU Unispace» коворкинг орталығының салтанатты ашылуы өтті. «Mazmundama» баспасының негізін қалаушы Шыңғыс Мұқан жобаны көпшілікке таныстырып, орталықтың маңыздылығы мен болашағы жайлы пікірімен бөлісті.

 

АЛМАТЫ