Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың серб әріптесі Братислав Гашичпен ресми кездесуі барысында екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бағдарлама аясында Қазақстан делегациясы Сербияның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарымен танысты.
Келіссөздер нәтижелері бойынша қорғаныс саласындағы екіжақты келісімге және 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.