Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ол локомотив депосының кадрлар жөніндегі делдал-менеджері арқылы адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.
«Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен делдал 1 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды, пара берген адам және оның көмекшісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды», делінген хабарламада.
Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылған.Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.