• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қараша, 2024

Украина мен НАТО шұғыл отырыс өткізеді

147 рет
көрсетілді

Украина — НАТО Кеңесі қараша айында Ресейдің Украинаның әскери-өнеркәсіптік кешенінің нысандарына жаңа баллистикалық зымыранды қолдануына қатысты шұғыл отырыс өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz  Францияның AFP агенттігіне сілтеме жасап.

 

«Украина мен НАТО сейсенбіде кеңес отырысын өткізіп, Украинаға ресейлік гиперсоникалық баллистикалық зымыранның әсерін бағалайды»,  деп атап өтті агенттік.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин өз азаматтарына Жолдауында Мәскеу америкалық және британдық алыс қашықтықтағы зымырандармен шабуылдарға жауап ретінде Украинадағы нысандарға ең жаңа орта қашықтықтағы «Орешник» баллистикалық зымыранымен соққы жасағанын айтқан.