• RUB:
    6.3
  • USD:
    518.21
  • EUR:
    590.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қараша, 2024

Қазақстан халқы Жаңа жылда 4 күн демалады

309 рет
көрсетілді

Еңбек министрінің 2024 жылғы 21 қарашадағы бұйрығына сәйкес, демалыс күні 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбіден 2025 жылғы 3 қаңтардағы жұмаға жылжиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша, 2025 жылдың 5 қаңтары жексенбі жұмыс күні, ал 2025 жылдың 3 қаңтары жұма демалыс күні болады.

«Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 1-4 қаңтар аралығында, ал алты күндік жұмыс аптасында 1-3 қаңтар аралығында демалады», делінген ведомство хабарламасында.

Демалыс күндерін осылайша ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Бұйрық 2024 жылғы 21 қарашада күшіне енді.