Аймақтар 24 Қараша, 2024

Қостанай облысында құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды

156 рет
көрсетілді

Қостанай облысында өрт сөндірушілер жойқын жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, бүгін Мендіқара ауданы Боровское ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққан.

- Барлау барысында өрт сөндірушілер газ баллонын тауып алып, оны суытып, қауіпсіз жерге шығарды. Жарылыс қаупінің алды алынғаннан кейін, өрт кәсіби өрт сөндірушілермен даму кезеңінде сөндірілді, – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.