Әлем 25 Қараша, 2024

Литвада жүк ұшағы апатқа ұшырады

155 рет
көрсетілді

Вильнюсте жүк ұшағы екі қабатты тұрғын үйдің үстіне құлап, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Delfi басылымына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, ұшақ апаты 25 қараша күні таңғы сағат 5:30-да болған. DHL жүк ұшағы екі қабатты тұрғын үйдің үстіне құлаған. Ұшақта 4 адам болған: екі ұшқыш және екі жұмысшы.

Апат салдарынан зардап шеккен екі адамның аурухана жеткізілгені, сондай-ақ бір адамның қаза тапқаны мәлім болды.