Грекияда дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткендей, жасөспірімдеріміз 2 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлделермен жалпыкомандалық есепте медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Нақты атағанда, Гүлхан Шыңғысхан (-48 кг) және Расул Мұқым (-81 кг) алтыннан алқа тақса, Әсел Русланова (-48 кг), Даниял Сейілхан (-50 кг), Алтынбек Қонысбай (-60 кг) күміс алды. Ал Нұрдос Досберген (-60 кг), Марғұлан Игілік (-60 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг) үздік үштікке ілікті.
Дүбірлі додада 29 елдің 300-ге жуық жас дзюдошысы белдесті.