• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 12:50

Алматыда Non-Food Asia Expo көрмесі ашылды

40 рет
көрсетілді

Халықаралық деңгейдегі шара еліміздің Сауда және интеграция министрлігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған өнімдер негізінен сауда желілері мен маркет-плейстерге арналған. Оған 20 елден 200-ге жуық түрлі шетелдік компания қатысып, өздері шығарған өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

NON-FOOD ASIA EXPO көрмесі осымен елімізде үшінші рет өтіп жатыр. Бұл шара осы уақыт ішінде сатылымның көлемі мен ауқымын кеңейтуге, тапсырыс берушілер базасын ұлғайтуға мүмкіндік жасады. Сондай-ақ, Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің ірі бөлшек сауда желілеріне, маркетплейстерге, шетелдік және отандық тауар өндірушілер арасында байланыс орнататын тиімді алаңға айналды.

Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Айжан Бижанованың айтуынша, көрме ішкі және сыртқы сауда айналымының өсуіне оң ықпал етеді.

«Жалпы біз өндірушілер мен бизнесмендер бір-бірімен қарым-қатынас орнатып, сол арқылы тауар айналымын, халықаралық сауда айналымын жақсартса екен дейміз. Іскерлік бастамаларын қолдаймыз. Яғни бұл көрме қосымша инвестиция тартатын диалог алаңына айналды десек те болады. Мұнда үйге керектің бәрі бар. Тұрмыстық химия өнімдері мен косметикадан бастап, балалар ойыншықтарына дейін қойылған. Атап айтқанда, тікелей өндірушілер мен нарықта кеңінен танымал компаниялардың 300-ден астам брендін көре аласыз», деп атап өтті Айжан Бижанова.