• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 15:17

Кибер-алаяқтар Жетісу тұрғындарын 516 млн теңгеге алдаған

32 рет
көрсетілді

Интернет-алаяқтарға алданып қалған Жетісу облысының тұрғындары 516 миллион теңгеден астам сомаға шығынға батқан, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы кибер-алаяқтыққа қатысты деректерді жариялады.

Биыл интернет-алаяқтардың әрекетінен келген жалпы материалдық шығын 516 миллион теңгеден асып отыр. Қылмыскерлер азаматтарды алдаудың түрлі айла-тәсілдерін жетілдіріп отыр, бұл ретте құрбандардың қатары күн санап көбейіп келеді. Әсіресе шетелден әрекет ететін алаяқтар ерекше қауіп төндіреді, себебі олардың басқа мемлекеттерде орналасуы құқық қорғау органдарының оларды анықтап, жауапқа тартуын күрделендіреді.

Ең көп таралған алаяқтық әдістерінің қатарында жалған интернет-дүкендер, жеңіл табысқа шақыратын ұсыныстар, фишингтік сайттар мен «банк қызметкерлерінің» атын жамылып жасалатын қоңыраулар бар. Қаскүнемдер психологиялық қысым көрсетіп, манипуляция арқылы азаматтарды жеке деректерін немесе қаражатын өз еркімен беруге мәжбүр етеді. Құқық қорғау органдары тұрғындарға қырағылық танытып, банк карталарының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеуге, төлем жасамас немесе келісімшарттарға қол қоймас бұрын ақпараттың дұрыстығын мұқият тексеруге кеңес береді», делінген хабарламада.

Айта кетейік, шетелдегі алаяқтық әрекеттерді анықтап, залалсыздандыру мақсатында полиция халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнатып отыр.