• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2015

«Достық» ордені табыс етілді

542 рет
көрсетілді

Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Марат Тәжин РФ СІМ Дипломатиялық академиясының ректоры Евгений Бажановқа екінші дәрежелі «Достық» орденін табыс етті, деп хабарлады Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің баспасөз қызметі. Е.Бажанов «Мемлекеттік және қоғамдық қызметінде жасаған зор еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-эко­номикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен осы наградамен марапатталды, деп хабарлады М.Тәжин. Е.Бажанов жоғары наградаға зор алғысын айтып, Академия Қа­зақ­станмен бұрыннан бері жеміс­ті ықпалдастық етуде екенін жеткізді. Кеңес Одағынан кейін­гі ке­зеңде Академияны 210 қазақ­стан­дық бітіріп шықты, олардың ара­сында 25 студент докторлық және кандидаттық диссертация­ларын қорғады. Біздің мекеме Қазақстанның ғылыми қауым­дастығымен белсенді түрде бай­ланыста болуда, қазіргі кезде бір­лескен конференциялар, тағы­лым­дамалар ұйымдастырылуда және делегациялармен алмасу жүр­гізілуде, деді Е.Бажанов. Ректор, сондай-ақ, Қазақстанның қазіргі тұрақтылығы мен қарқынды дамуы – ол Президент Нұрсұлтан На­зар­баевтың еңбегінің арқасында. Бүгінгі Қазақстан – тек бұрынғы Кеңес Одағының аумағында ғана емес, бүкіл әлемге кең танылған ел, деп осы мәселеге ерекше назар аударды. Сөз ретінде айта кетсек, «Достық» ордені – қоғамда ынтымақ сақтау, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту бойынша жасалған зор еңбек үшін берілетін Қазақстан Республикасының ең жоғары наградаларының бірі. Орден иелері арасында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, ФИФА президенті Йозеф Блаттер, Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Алексий II, Ресей Президенті Әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов, Татарстанның тұңғыш президенті Минтимер Шаймиев, Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев, қару құрылымдаушы Михаил Калашников, МГИМО ректоры Анатолий Торкунов, Кеңес Одағының халық әртісі Иосиф Кобзон және т.б. бар.