ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі халықты жасанды интеллект технологияларына оқыту жобасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба бойынша елімізде 5 жыл ішінде 1 млн адамды даярлау жоспарланған.
«Бұл 500 мың оқушы, 300 мың студент, 90 мың мемлекеттік қызметші, 80 мың кәсіпкер және халықтың 30 мың басқа санатын қамтиды. Сонымен қатар ведомство мектеп оқушыларына арналған TUMO креативті технологиялар орталығымен бірге, білім беру жобаларын іске қосып жатыр», делінген хабарламада.
Сондай-ақ биылғы қазан айында ЖИ саласындағы мамандарды даярлау үшін өңірдегі алғашқы TomorrowSchool жасанды интеллект мектебі ашылды.