• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 02:00

Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығы шын мәнінде одақтастық сипатта – В.Путин

46 рет
көрсетілді

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасына кезекті мемлекеттік сапары аясында еліміздің беделді басылымдарының бірі -  «Казахстанская правда» газетіне мақала жариялап, екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы ойын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекеттік сапар алдында Қазақстанның республикалық басылымдарының бірі - «Казахстанская правда» газеті арқылы екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас пен ынтымақтастық деңгейі туралы өз ойымды бөлісудің сәті туып отыр. Мемлекетаралық байланыстың жоғары деңгейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірлескен жұмыс жылдарында қалыптасқан тығыз және мейірімді жеке қатынастар куәландырады. Біз үнемі қоңырау шалып, әртүрлі форматтарда кездесеміз. Екіжақты өзекті мәселелерді талқылап, күн тәртібінде тұрған өңірлік және жаһандық проблемалар туралы пікір алмасамыз, келешекке жаңа жоспарларды да белгілейміз. Ең бастысы - Қазақстан Президентімен әрқашан нақты нәтижеге бағдар қоямыз. Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының одан әрі сенімді дамуы, елдеріміздің өркендеуі, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз», деп жазды Ресей Федерациясының Президенті.

Владимир Путин нақтылағандай, бүгінде Ресей - Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі. Ал ынтымағы жарасқан Қазақстан мен Ресей - Еуразиялық экономикалық интеграцияның белсенді жақтаушылары.

«Біздің мемлекеттеріміз Еуразиялық экономикалық одақ құрудың бастауында тұрды. Оның шеңберінде біз тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, капиталдың ортақ нарығын дамытып отырмыз, реттеушілік және сауда кедергілерін жою бойынша ауқымды жұмыс атқарып келеміз. Ортақ көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту ісін де қолға алдық. Мұның бәрі экономиканың түрлі салалары бойынша тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді және біздің елдерімізге елеулі пайда әкеледі», делінген Ресей Президентінің мақаласында.