• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 02:49

Астана саммиті аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылықты нығайтады

19 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Известия» газетінде жарияланған мақаласында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мемлекет басышысы нақтылағандай, Қазақстан мен Ресей көпполярлы әлем, бейбіт диалог, барлық мемлекеттің егемендігін құрметтеу сынды идеяларды дәріптеп, халықаралық аренада өзара табысты қарым-қатынас құрып отыр.

«Екі елдің жаһандық және аймақтық деңгейдегі көптеген мәселеге қатысты ұстанымы үндес. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы тығыз ықпалдастық – соның айқын дәлелі.

Биыл шілде айында Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Онда «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік» туралы декларация қабылданды. Бұл құжат ұйымның Еуразияда жаңа, біртұтас және бөлінбес қауіпсіздік архитектурасын құруға ықпал ете алатынын айғақтайды», деп жазды Президент. 

Мемлекет басшысы Қазан айында Мәскеу қаласында ТМД-ға мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесі отырысының өткізілуі биылғы маңызды оқиғаның бірі болғанын атап өтті.

Айта кетейік, биыл Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етіп отыр.

«Астанада өтетін алдағы саммит аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайта түсетін басты оқиға болмақ. Еліміз ұжымдық қауіпсіздікті бейбіт жолмен қамтамасыз ету және ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты сақтау жолында күш біріктіруді барынша қолдап отыр. Сондай-ақ БРИКС ұйымының Қазан қаласындағы тарихи саммиті өте нәтижелі болғанын атап өткім келеді. Бұл форум Владимир Владимирович Путиннің ерік-жігері мен абырой беделінің және әлем жұртының 45 пайызының мүддесін қорғайтын бірлестікке Ресейдің тиімді төрағалық етуінің арқасында өтті», деп жазды Мемлекет басшысы.