Ресейдің «Известия» газетінде жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан мен Ресей: стратегиялық серіктестіктің жаңа көкжиегі» мақаласында білім саласындағы ынтымықтастық туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің оңтүстік аймақтарында орыс мектептерін ашуды жоспарлап жатқанын айтып, соған сәйкес бізбен іргелес жатқан Ресей қалаларында да қазақ мектептері ашылады деген сенімін жеткізді.
«Қазір Ресейдің оқу орындарында Қазақстаннан барған 60 мыңға жуық студент білім алып жүр. Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалын, ал Омбыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдігін ашу жоспарымызда бар. Елімізде 3500-ден астам мектеп Пушкин тілінде білім береді, телеарналар мен радиостанциялар хабар таратады, газеттер мен журналдар шығады. Барлық дерлік өңірде көрерменнің көзайымы болып жүрген орыс драма театрлары бар», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.