АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп оңтүстік шекара арқылы өтетін барлық тауарға 25 пайыздық баж салығын енгізетін болса, Мексикадан импортталатын азық-түлік өнімдері едәуір қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz NBC News-ке сілтеме жасап.

Калифорния-Дэвис университетінің мәліметі бойынша, Мексика - АҚШ үшін қызанақ, авокадо, таңқурай, болгар бұрышы және құлпынайдың жетекші шетелдік жеткізушісі.
Айта кетейік, 2000 және 2021 жылдар аралығында Мексиканың Америка Құрама Штаттарына бау-бақша экспортының құны төрт есе өскен.
Сонымен қатар Америка тұрғындары үшін №1 танымал «Corona» және «Modelo» сыралары қымбаттауы мүмкін.
Экономистер Д.Трамптың тарифтік саясаты инфляцияны тудыруы мүмкін деп алаңдап отыр. Осылайша жоспарланған тарифтік саясаттың нәтижесінде инфляцияның шамамен 1%-ға өсуі күтіледі.