• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:55

Мәжіліс Азия Даму Банкімен арадағы қарыз туралы келісімді ратификациялады

29 рет
көрсетілді

Мәжіліс Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялады. Құжат 2024 жылы 23 тамызда Астана қаласында жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет ел экономикасының орнықтылығын қолдау үшін жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде қарыз алуды жоспарлап отыр. Азия Даму Банкінің қарызы Қазақстанға 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 52,3 млрд йен сомасында 15 жыл өтеу мерзімімен беріледі.Тартылатын қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады.

Сондай-ақ Мәжіліс Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен арадағы қарыз туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2024 жылдың 21 тамызында қол қойылған. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Қазақстанға 52,7 млрд йен сомасында қарыз береді. Тартылатын қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен Қаржы министрлігі жүзеге асырады.Айта кетейік, Азия Даму Банкі мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі несиелері негізгі борыш бойынша үш жылдық жеңілдік кезеңімен 15 жыл мерзімге беріледі. Бұл республикалық бюджетті айтарлықтай жеңілдетіп, қаржылық жүктемені азайтады. Бұл шарттар Қазақстанға өзінің қаржылық міндеттемелерін тиімді жоспарлауға және бюджет тапшылығын бірден болдырмауға мүмкіндік береді.