• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 18:42

Александр Лукашенко ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

23 рет
көрсетілді

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Egemen.kz BELTA агенттігіне сілтеме жасап.

28 қарашада Астанада Беларусь мемлекетінің басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.

Ел басшылары халықаралық және өңірлік жағдай, оның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері туралы пікір алмасады, сондай-ақ ынтымақтастық нәтижелері мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды.

Сонымен қатар 28 қарашада Астанада Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтеді.