Сейсмологтар Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, 28 қарашада Астана уақытымен сағат 10:36-да Қытай мен Қазақстанның шекаралас аймағында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің күші 4,2 балды құрады.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 309 шақырым жерде орналасқан.