Конкурс комиссиясының шешімі негізінде және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкіміне сәйкес Нұрғиса Қамашев Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұрғиса Қамашев 1984 жылы дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін заңтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары әртүрлі қызметтер атқарған. Атап айтсақ, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» ЖМ Атырау облыстық филиалы басшысының орынбасары, кейін басшысы, «Темірбанк» АҚ проблемалық несиелермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы, Атырау облысы Индер аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы болған.