• RUB:
    5.16
  • USD:
    530.24
  • EUR:
    543.97
Басты сайтқа өту
Президент 28 Қараша, 2024

Мемлекет басшысы Албания Президентін құттықтады

169 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент Албания мемлекетінің әлемдегі мәртебесі асқақтап, халқының ырыс-берекесі арта беруін тіледі.

Сондай-ақ Астана мен Тирана арасында мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достық қалыптасқанын атап өтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сан қырлы байланыстары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.