• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Әскер Бүгін, 15:57

Жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіріледі: Қорғаныс министрлігі тұрғындарға үндеу жасады

25 рет
көрсетілді

Қазақстанда жауынгерлік дайындықтың жаңа кезеңі басталды. Осыған байланысты барлық әскери басқару органдары, Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Желтоқсанның алғашқы күндерінде Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері, басқару органдары жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіріледі. Бұл шара жаңа оқу кезеңі аясында жүргізілмек», деп мәлімдеді ведомство.

Министрлік мәліметінше, алғашқы күндері армия бөлімшелері оқу дабылы бойынша көтеріліп, оқу орталықтары мен полигондарға марш жасайды. Жеке құрамды ауыстыру және әскери техниканың колонналарын тасымалдау арқылы кешенді тактикалық-саптық жаттығулар мен дайындықтар өтеді.

«Осы шаралардың салдарынан кейбір аймақтардағы жол учаскелерінде уақытша қозғалыс шектеулері болуы мүмкін. Азаматтарды осы жағдайға түсіністікпен қарауға шақырамыз», деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.

Министрлік сонымен қатар жалған ақпарат таратуға жол бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сену керек екенін еске салды.

«Осыған байланысты азаматтар мен БАҚ өкілдерінен тек ресми ақпаратқа сенуді және жалған хабарламаларды таратпауды сұраймыз», деп атап өтті ведомство.