Бүгін Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының үшінші күніндегі кездесулер өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
57 келіде шаршы алаңға шыққан Ұлжан Сәрсенбек алғашқы айналымда украиналық боксшыны қапы қалдырды.
Отандасымыз Карина Вовкттан 5:0 есебімен басым түсті.
Енді ол 5 желтоқсан күні өтетін 1/4 финалда Вьетнам спортшысына қарсы сынға түседі.
Айта кетейік, бүгін жергілікті боксшымен жұдырықтасуы тиіс болған Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты Азия чемпионатындағы жекпе-жектерден бас тартты.