Спорт 02 Желтоқсан, 2024

Пара шахматшыларда – 1 алтын, 1 күміс

116 рет
көрсетілді

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Азия-Тынық мұхиты ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Куала-Лумпур (Малайзия) қаласында 1 желтоқсанда басталған жарыс осы айдың 8-іне дейін жалғасады. Ұлттық құрама сапында 80 атлет спорттың 8 түрі бойынша қатысып жатыр.

CSR-parasport.kz мәліметінше отандасымыз Балжан Джумагазиева әйелдер арасында шахматтан блиц дисциплинасында алтыннан алқа тақса, ерлер арасында Самажан Кеттебеков күміс жүлдегер атанды.