Ақмола облысының қалалары мен ауылдарында жаңа спорт кешендері салынып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марат Ахметжановтың айтуынша, биылғы жыл облыс үшін жақсы спорт жаңалықтарына толы болған.
«Биылғы жыл облыс үшін жақсы спорт жаңалықтарына толы болды. Парижде өткен жазғы Олимпиадада біздің спортшылар жақсы өнер көрсетті. Биылғы жылы Қосшы, Есіл қалалары мен Мәдениет ауылында спорт кешендері пайдалануға берілді. Осы айда Степногорск қаласында жаңа спорт кешені ашылады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет Зеренді ауылында спорт кешенінің құрылысына арнайы мемлекеттік қордан қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл бастама ауылдық жерлерде бұқаралық спортты және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған», деді Марат Ахметжанов.
Еске салайық, XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында пауэрлифтингтен Давид Дегтярев чемпион атанған болатын.
Еркін Ғаббасов нысана көздеуден Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.