Мәжілісте дарынды балаларды қолдауды көздейтін және мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтетін заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің айтуынша жаңа заң аясында мемлекеттік тілді жасанды интеллекттің күшімен дамыту көзделген.
Сонымен қатар, беделді халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми сайыстарда жеңімпаз атанған жастарды «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерде оқыту қарастырылған.
- «Болашақ» бағдарламасының аясын кеңейтіп, магистратура мен докторантураның қатарына бакалавриатты да қосып отырмыз. Бірақ бұл мүмкіндік тек беделді халықаралық олимпиадада немесе ғылыми сайыста жеңімпаз атанған талапкерлерге ғана беріледі. Ол балалар «Болашақ» арқылы бакалавр дәрежесінде білім алғаннан кейін кемінде 3 жыл бойы Қазақстанда жұмыс істеуге міндеттеледі, - деді Асхат Аймағамбетов.