Президент 05 Желтоқсан, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

90 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті жеделхатында Таиланд Корольдігінің халықаралық аренада және әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

Сонымен қатар Президент Таиланд Корольдігімен дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді.