Астанада түнде Сарыарқа ауданында Көктал көшесінде орналасқан автокөлік шиналарын жою цехында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТЖМ мәліметінше, резеңке бұйымдар, жабдықтар және шатырдың ағаш құралымдары жанған.
«Жалынға оранған ғимараттан ержүрек өрт сөндірушілер бірінен соң бірі 2 газ және 2 оттегі баллондарын шығарып жарылыстардың алдын алды», делінген хабарламада.
Өрт 500 шаршы метр аумақта жойылған. Зардап шеккендер жоқ.