Бұл туралы сандық мағлұматты Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы
Алматы қаласын шаруашылық-ауыз сумен және өнеркәсіптік кәсіпорындарды техникалық сумен жабдықтау үшін барланған. Минералдануы 0,5-0,6 г/л дейін, судың сапасы жақсы және ауыз су талаптарына сай келеді. Жерасты су қорының «А» санаты бойынша болжамды мөлшері - тәулігіне 457 мың текше метр. Бүгінде су орнынан тәулігіне 200 мың текше метр су алынады.
Көкжиде
Ақтөбе облысындағы Ембі қаласынан 95 шақырым жерде орналасқан. Жерасты суы шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылады. Тәулігіне 7,84 мың текше метр су алынады. Есептік пайдалану мерзімі - 27 жыл. Жерасты су қорының «А+В+С1» санаттары бойынша болжамды мөлшері - тәулігіне 196,5 мың текше метр.
Талғар
Алматыдан шығысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласын шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін барланған. Жерасты суларының қоры «А+В+С1» санаттары бойынша тәулігіне 989,28 мың текше метр мөлшерінде бекітілген.
Меркен
Меркі және Новоскресенское ауылдарының аралығында Қырғыз жотасының солтүстік беткейінде орналасқан. Аудан орталығы Меркі қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендерді шаруашылық-ауызсумен қамтамасыз ету және жерді суландыру мақсатында барланған. Жерасты суларының қоры «А+В+С1» санаттары бойынша тәулігіне 770 мың текше метр көлемінде бекітілген.
Кеңқияқ
Ақтөбе облысындағы Кеңқияқ кентінен 11 шақырым жерде орналасқан. Жерасты суы ауызсумен жабдықтау және өнеркәсіптік кәсіпорындарды техникалық сумен жабдықтау үшін пайдаланылады. Бүгінгі таңда тәулігіне 1,442 мың текше метр су алынады. Су қорының болжамды мөлшері - «А+В» санаттары бойынша тәулігіне 5,0 мың текше метр.