• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Желтоқсан, 2024

10 минут бойы жүрегі соқпаған науқас аман қалды

89 рет
көрсетілді

Шымкенттік дәрігерлер 10 минут бойы жүрегі соқпаған науқастың өмірін сақтап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Otyrar.kz сайтында айтылғандай, 40 жастағы ер адамның жүрегі 10 минутқа тоқтап қалып, дереу реанимация бөліміне жатқызылған, жедел әрекеттермен дәрігерлер жүрек ритмін қалпына келтіріп, науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосқан.

Кейін науқас 5 күн бойы нефрология бөлімшесінде ем алып, жағдайы жақсарған.

«Дәрігерлер тобының үйлесімді жұмысының арқасында науқастың жағдайын тұрақтандыру мүмкін болды және қажетті ем-домнан кейін ол үйіне шығарылды», деп мәлімдеді реаниматолог Жасур Мұхитдинұлы.