«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2024 жылғы 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің болжауынша, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: қар жауып, елдің шығысында бұрқасын болады, оңтүстік өңірлерде жаңбыр қарға ұласады, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын жауады.
Шығыс, оңтүстік және орталық облыстарда көктайғақ күтіледі. Елдің батысы мен солтүстік-батысында кең ауқымды Скандинавиялық антициклонның басып кіруімен жауын-шашын тоқтайды.
Ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде. Түнде республиканың батысында 5-13 аязға дейін, солтүстік-батыста 13-25 аязға дейін, республиканың солтүстігінде 20-25 аязға дейін, Қазақстанның орталығында 15-28 градус аяз, республиканың шығысында 18-18 градус аяз, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда 8-21 градус аяз болады.