• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Желтоқсан, 2024

Италия елшісі Қазақстандағы ТОП-3 туристік бағытты атады

60 рет
көрсетілді

Қазақстандағы Италияның төтенше және өкілетті елшісі Марко Альберти «Born Bold. Travel Boldcast» подкастында Қазақстандағы саяхаттары туралы өз әсерлерімен бөлісті. Дипломат еліміздегі ең сүйікті үш туристік бағытты «Kazakh Tourism» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасовпен сұхбат кезінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елші Қазақстандағы Маңғыстау, Алматы облысындағы көлдер (оның ішінде Көлсай, Қайыңды, үлкен Алматы көлі) және Шығыс Қазақстандағы Алтай тауларын өзінің ең сүйікті туристік бағыттары деп атады. Дипломат үшін Шығыс Қазақстанға саяхаты ең жарқын әрі есте қаларлық сапарлардың бірі болған.

«Шығыс Қазақстанға - сапар тауларға жасаған ең жақсы саяхаттардың бірі. Табиғатпен нағыз байланыс тәжірибесі – өте сирек кездесетін нәрсе. Шынайы тыныштық пен қараңғылық тәжірибесі. Италиядан табу өте қиын. Мен балаларымды каньонға алып бардым. Біз жаңа қонақүйде түнедік, кейін бірнеше сағат бойы далада болып, аспанды тамашаладық.  Каньон ортасында жұлдызды аспанды көру - ерекше тәжірибе», деді Марко Альберти.