10 желтоқсанда Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты аясында әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан құрамасының бес спортшысы шешуші кезеңге жолдама алды.
60 келі: Виктория Графеева - Цян Ли (Қытай)
63 келі: Аида Әбікеева - Лин Ха (Вьетнам)
70 келі: Наталья Богданова - Байсон Маникон (Тайланд)
81 келі: Гүлсая Ержан - Карине Айрапетян (Украина)
81 келіден жоғары: Елдана Тәліпова - Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында он жартылай финалдың тоғызында жеңіске жеткен еді.